“Яндекс такси” Crocus City Hall аймағындағы жолаушыларды тегін тасыды

1722
Adyrna.kz Telegram

«Яндекс Такси» қызметі Crocus City Hall концерт залының жанындағы аумақтан барлық сапарларды жолаушылар үшін тегін етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ресейлік көлік басқармасының ақпаратына сілтеп.

"Яндекстің хабарлауынша, Яндекс Такси жолаушылар үшін Crocus City Hall аумағынан барлық сапарларды тегін жасады. Осы аумақтан бұрын ақылы болған сапарлар үшін қызмет келесі екі күн ішінде ақшаны толығымен қайтарады", - делінген жеделхатта.

Такси сапарлары үшін коэффициент алғашқы минуттарда ғана көтерілді. Мәскеу үкіметі мен Яндекс компаниясының бірлескен жұмысының арқасында оны азайту бойынша барлық шаралар тез арада қабылданды, деп атап өтті департамент.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Ресейдің Крокус Сити Холлында белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ондаған адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Крокус Сити Холлдағы терактіге байланысты Қазақстан азаматтары үшін сенім телефоны ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетті қатаң айыптады. Айта кетейік, Украина лаңкестік әрекетке қатысы жоқтығын бірден мәлім етті.

Пікірлер