Зардап шеккендер бар. Қарағанды ​​облысында атыс болды

2877
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Қарағанды облысында атыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Әлеуметтік желіде атыс кезінде түсірілген видео пайда болды.

Облыстық ПД атыстың Шет ауданы, Ағадыр ауылында болғанын айтады.  Оқиға салдарынан жарақат алған адам медициналық мекемеге жатқызылған.

"31 наурызда Ағадыр кентіндегі емдеу мекемесіне жергілікті тұрғын аяғын шолақ мылтықпен жарақаттап келген. Полиция "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ведомствода қылмыстық іс бойынша тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында екені айтылды.

Пікірлер