Алматыда автобус жүргізушісін ұрған адам сотталып жатыр

1599
Adyrna.kz Telegram

Алматыда бірнеше ай бұрын автобустағы оқиға 3 адамның өліміне әкелген. Қазір жол апатына кінәлі деп танылған азаматқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеп.

Бүгінде іс Алматы қаласындағы Алатау аудандық сотында қаралуда. Сотталушы – автобус апатына кінәлі деп танылған 32 жастағы Дархан Ахметжанов.

Сот барысында сотталушының автобус жүргізушісін ұрғаны байқалған бейнежазба көрсетілді. Куәгерлердің сөзінше, жүргізуші күдіктіні жолақысын төлемегені үшін көліктен түсірмей қойғанын көрінеді.

Ал сотталушы жүргізушінің өзіне балағат сөздер айтып осы арқылы өзін арандатқанын алға тартты.

“Маған “мен сен сияқты малдарды білемін” деп түсірмей қойды”, – деп ақталады Ахметжанов.

Ал Судья сотталушыдан жүргізушіні не себепті ұрғанын сұрады.

“Жарайды, сізге балағат сөздер айтсын делік. Автобустан түскесін полиция шақырып, арыз жазып, неге басқаша әрекет етпедіңіз. Не себепті ұрдыңыз?! Қолыңызда пышақ болса, сұғып алар ма едіңіз?! Қолыңызды неге қолданасыз?”, – деді судья.

Ер адам өз әрекетіне қатты өкінетінін айтып, ақталған.

Еске сала кетейік, Алматыда 2023 жылғы 22 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрған, ол есінен танып, көлікті басқара алмай бірнеше адамды басып кеткен. 3 адам қаза тапқан.

Пікірлер