"Жәрдем керуені". Қырғызстан Қазақстанға тағы да гуманитарлық көмек жібермек

657
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қырғызстанның ТЖМ
Фото: Қырғызстанның ТЖМ

Қырғызстан су тасқынынан зардап шеккендер қазақстандықтарға «Жәрдем керуені» атты гуманитарлық жүктің екінші бөлігін жібереді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kaktus.media-ға сілтеп.

Гуманитарлық жүк жергілікті сүт өнімдерінен тұрады. Жалпы жүктің салмағы 144 280 кг.

Биоайран - 10 000 л, қаймақ - 14280 қаптама, сары май - 10 000 л, өсімдік майы - 10 000 л, ірімшік - 20 000 кг, майсыздандырылған құрғақ сүт - 80 000 кг.

«Гуманитарлық жүкті қырғыз халқы жинап, Қырғызстан президентінің резервтік қорынан қосымша қаражат бөлді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, сәуірдің 6-сы күні Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасымен Төтенше жағдайлар министрі 15 фургонға 300 тонна жүкпен «Жәрдем керуені» гуманитарлық жүкті ұйымдастырып, жөнелткен болатын. Ал ол көмек Қазақстанның 4 облысына таратылды.

Пікірлер