"Шын жүректен айтып отырмын". Сот отырысында Бишімбаевтың анасы сөз сөйледі

1528
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы жалғасуда. Бүгінгі сот отырысында бұрынғы Ұлттық экономика министрінің анасы алғаш рет сөз сөйледі, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп.

Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған. Бүгінгі түстен кейінгі сот отырысына жәбірленуші Айтбек Амангелді және оның өкілдерінің бірі қатысқан жоқ. Себебі жәбірленуші тарап марқұмның ата-анасы өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Артынша оларға жедел жәрдем шақырылған.

Дегенмен судья сот залынан рұқсатсыз шығуға болмайтынын айтты.

«Ол кез келген уақытта кіріп-шыға алмайды. Ол үшін соттан рұқсат сұрау керек. Тәртіп бәріне ортақ, үзіліске дейін күтсін», - деді судья Айжан Құлбаева.

Сот барысында Қ.Бишімбаевты қорғаушы тарап сотта мәскеулік мамандардың қорытындысымен таныстырды. Қорғаушы Назкен Құсайынова ресейлік мамандардың қорытындысын оқи отырып, Нүкенованың өліміне қатысты деректермен бөлісті. Ол марқұмның басынан қанның кетуі, өлімнен 3-4 апта бұрын пайда болған гематома болуы мүмкін деп мәлімдейді.

Сондай-ақ, сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова алғаш рет сөз сөйледі.

«Әрине, мен заңгер емеспін, бірақ мәскеулік мамандардың қорытындысын қабылдамасаңыз, ұлымның өзін қорғау жолында дәлелдер келтіруде конституциялық құқығын шектеу деп санаймын. Бұны ана ретінде шын жүректен айтып отырмын», - деді күдіктінің анасы судьяға қарай отырып.

Айта кетейік, сот отырысы ертең жалғаспақ.

Пікірлер