Су тасқыны кезінде «Алаш» әдеби сыйлығы табысталды

1116
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметі
Фото: ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметі

 Қазақстан Жазушылар одағының «Көркем әдебиет: талант пен талғам» атты 2023 жылғы әдеби жыл қортындысы жиыны өтті. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оған еліміздің әр өңірінен келген қаламгерлер, ақын-жазушылар, әдебиеттанушы ғалымдар, журналистер қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, белгілі жазушы Нұржан Қуантайұлы ашып, жүргізіп отырды.

«2023 жылы жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында тұңғыш рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалды. 18 бен 35 жас аралығындағы, жас қаламгерлерге арналған бұл әдеби сыйлық «Балалар әдебиеті», «Драматургия», «Поэзия», «Проза» номинациялары бойынша былтыр күзде табыс етілді. Бұл әдеби байқау биыл да өткізілмек. Республикалық «Айбоз» әдеби сыйлығы былтыр екінші мәрте өткізіліп, жеті номинация бойынша сыйлықтар берілді. Жастарға арналған, бұдан да басқа, дәстүрлі «Алтын тобылғы», «Алтын сақа», «Айтұмар» байқаулары былтыр да өткізілді. Қазақстан Жазушылар одағының мұрындық болуымен өңірлерде облыстық әкімдіктердің ақын-жазушыларға жыл сайын атаулы әдеби сыйлық тағайындау іс-шарасы қолға алынғаны мәлім”, – деді Нұржан Қуантайұлы.

Іс-шара барысында бірқатар қаламгерге Қазақстан Жазушылар одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы табысталды. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алған қаламгерлер: ақын Ғайсағали Сейтақ, жазушы Өмір Кәріпұлы, ақын Сұраған Рахметұлы, жазушы Жарасбай Сүлейменов, ақын Мұрат Шаймаран, әдебиеттанушы Жұмат Тілепов, ақын Нұртас Исабаев, жазушы Төрехан Майбас, ақын Әлия Дәулетбаева, жазушы Серік Елікбай, ақын Ербол Алшынбай, сатирик жазушы Берік Садыров, ақын Әубәкір Смайылов, жазушы Тынымбай Төлепбай, ақын Егеухан Мұхамәдиқызы, жазушы Болатбек Төлепберген, ақын Ғайни Әлімбекова, жазушы Жалғасқали Дүтмағамбетов, ақын Дариға Мұштанова, жазушы Момбек Әбдәкімұлы және жазушы Александр Карлюкевич алды.

Одан бөлек, бірнеше қаламгер «Қазақстанның құрметті жазушысы» атағымен марапатталды.

Пікірлер