Су тасқыны салдары. Шенеунік қаза тапқандар жайлы деректі жоққа шығарды

706
Adyrna.kz Telegram
Фото: matritca.kz
Фото: matritca.kz

Төтенше жағдай вице-министрі су тасқынынан азаматтарды қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бауыржан Сыздықов брифингте БАҚ өкілінің "Су тасқынынан ресми түрде қанша адам қайтыс болды?", "Қанша адам іс-түссіз жоғалды?" деген сұрағына жауап берді.

"Су тасқыны салдарынан қайтыс болған адамдар жоқ. Алайда су көтерілген кезде яғни Атырау және Абай облыстарында тіркелген жағдайлар бар. Қазір онымен Ішкі істер министрлігі айналысып жатыр. Ол туралы алдын ала шешім шығарып айту ерте. Ішкі істер министрлігі өз жауабын береді", - деді Бауыржан Сыздықов.

Пікірлер