Әзірбайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің кездесуі Қазақстанда өтуі мүмкін

132
Adyrna.kz Telegram

Әзірбайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің кездесуі Қазақстанда өтуі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Әзірбайжан Туран ақпарат агенттігіне сілтеп. 

«Баку Әзірбайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің Қазақстанда кездесуіне келісті. Ереван келіссе, келесі кездесу Қазақстанда өтеді», - деді Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ADA университетінде «COP29 және Әзірбайжанға жасыл көзқарас» халықаралық форумына қатысушылармен кездесуде сөйлеген сөзінде.

Ол Әзірбайжан мен Арменияның бейбітшілік орнатуға бұрынғыдан да жақсы көзқараста екенін атап өтті.

«Қазір бізде Мадрид принциптері туралы келісім бар, бітімгершілік келісімнің қандай болуы керектігі туралы ортақ түсінігіміз бар. Жай ғана егжей-тегжейлі жұмыс істеу керек. Дегенмен, әрине, екі жаққа да уақыт керек», - деп қосты Ильхам Әлиев.

 

Пікірлер