Қазақ өте алданғыш ұлт

2634
Adyrna.kz Telegram

Мыңдаған жылдар бойы жасап келген, кешегі кәрі құрлықты дүр сілкіндіріп, 16 алып империяның іргесін қалаған сақ, түркі, ғұндардың ұрпағы технологияның ғасырында неге соншама жуасып кетті? Кезінде мен деген КСРО ның өзі қазақты осыншалықты момақандыққа үйретіп, құлдай етіп алдына сала алмағанды, тіпті 300 жыл бойы отарлық езгіде болса да ешкімге бой бермеген қазақтың бұлай толерант болып, соншалықты жуасып кету себебін түсіне алмай қойдым. 300 жылда болмаған жуасыту процесі 30 жылда, тағы болса "тәуелсіздік" жылдарында іске асып отырғаны таң қалдырады. Осы кезеңде қазақ;
- тілінен,
-дінінен,
-ұлттық болмысынан,
-мінезінен,
-байлығынан,
-ғұрпынан, тағы басқа да көп құндылықтарынан айырылып қалды.
Қазақ сан ғасырлық тарихтың толқынында қылышын қайрай да білген, жауын жайрата да білген, тағдырың тоқпағын да аяусыз көрген ұлт. Тәжірибесі де жетерлік ұлт. Қазақтың қазіргі мінезі сабырлылық пен төзімділік деуге де келмейді. Бұл тіпті басқа мінез. Бұл отарларғаннан да басқа сипатқа ие болып бара жатыр. Қауіпті екенін сезінбей отырсыз ба? Толеранттымыз деп төбесінен жымыңдап отырған нұротан қазақты бар болғаны 30 жылдың ішінде адам сенгісіз момақан, көншіг, төзгіштікке үйретіп тастағанын, мұның қандай саяси магия мен гипноз, манипуляция екенін түсіне алмадым. Мұны терең зерттеп, зерделеп, қазақтың өзіне ұғындырмаса тіпті болмайтын сияқты.
Бір ғана дүние айқын - қазақ өте қатты алданғыш ұлт. Өте сенгіш ұлт. Себебі, арамдықты үйренбеген.

 

Бекболат ҚАРЖАН

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер