АКЦИЯ АРҚЫЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАНДАРЫН АРАЛАЙДЫ

2361
Adyrna.kz Telegram

«Денсаулық жолы» Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылдың 19 тамызы мен 30 тамыз аралығында ақпараттық-коммуникациялық акциясы басталды, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы тілшісі облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды акцияны Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы мен облыс бойынша салауатты өмір салты жұмыстарына бағытталған «Зер-Күміс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастырды. Осыған орай, Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Денсаулық жолы» атты акциясының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.

Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Гаухар Досмаилова сөз сөйлеп, акцияның мән-жайын түсіндірді. Оның айтуынша, акция арқылы тағам құрамындағы тұз, қант, майлары көп азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас тартуға шақыру.

– Яғни, ақпараттандыру арқылы халық денсаулығын сақтау мен нығайту, дененің артық салмағы мен семіздіктің қаупін азайту қажет. Біз «Денсаулық жолы» атты акциясы арқылы халықты пайдалы ақпаратпен қамтып, денсаулығын күтуге шақырамыз. Сондай-ақ құрамында кардиолог, эндокринолог, онколог, окулист, гинеколог, невропатолог және «Зере - Күміс» ЖШС мамандарынан құрылған мобильді медициналық бригада аудандарды аралап, халықтың денсаулығын тексереді. Байзақ ауданынан басталатын акция, облыстық барлық 10 ауданын қамтитын болады. Шара барысында дәрігерлер аудандардағы орталық алаңда ашылған шағын «Медициналық қалашықта» тұрғындардың қан қысымын, қандағы холестерин деңгейін өлшеп, жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша кеңестер береді. Қажеттілік туған жағдайда тексерілуге келген тұрғындарды денсаулығындағы кінәратының анықталуына байланыс-ты өңірдегі емдеу мен оңалту орталықтарына жібереді, – деді ол.

Шара аясында қалалық және ауылдық жерлердегі шаралармен қатар ұлттық бағдарлама өткізу кезінде терапевт, кардиология, эндокринология, онкология қызметі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандарын тарту арқылы шалғайдағы ауылдық аудандарға көшпелі қозғалмалы медицина кешені қызмет етеді.

Салтанатты жиында Жамбыл медициналық колледжі білімгерлерінің мерекелік концерті тұрғындарға керемет көңіл-күй сыйлады. Өйткені дәрігерлер көңіл-күйдің жақсы болуы денсаулықты нығайтатынын айтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер