Тонаудың түрлері немесе біздегі ұрылар

3465
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 84 жыл бұрын 1934 жылы атақты қылмыскер Джон Дилинджер ФТБ (Федералды тергеу бюросы) қолынан қаза табады. Америка халқы оны ерекше құрметтеген. Ал әйелдер қауымы сүйіспеншілік танытса, мемлекет басшылары сол кездері дүрліктірген Аль Капонеден де бетер қорыққан. Қорқуының себебі Джон банкті ерекше әдістермен тонаған.

Тифлис, Ресей Империясы 1907 жыл Бұл тонау үлкен табыс мөлшерімен немесе операцияға қатысушылардың санымен ерекше есте қалған жоқ. Тонаушының кім екендігі сол тұстағы адамдарды таңғалдырды. Ол әлемдік пролетариаттың жаршысы, ақылды да зерек Иосиф Джугашвили (Сталин) болды. Барлығы да большевиктер партиясына ақшаның керектігінен басталды. Алғашқы ресей төңкерісі болып жатқан кезде жасырын ұйымға қару-жарақ сатып алу үшін қаражат қажет болады. Сол себептен мемлекеттік қазынаға қол сұқты. Оларды бұзақы, тонаушы, қылмыскер деп атаған жоқ. Оның орнына «экспроприаторлар» (бір топтың жеке меншігінен, бұрынғы әлеуметтік артықшылығынан айырылуы), қысқартқанда «экс» деген атауды қолданды.

1907 жылы 26 маусымда таңертеңгі сағат 10 шамасында екі банк қызметкері пошталарынан 250 000 сом алады. Ол ақшаны жандарына екі қорғаушы мен бес казакты қосып алып Тифлисте орналасқан мемлекеттік банк бөлімшесіне алып барады. Жол жөнекей Эриван алаңына шығар кезде бұларды қарақшылар торуылдап тұрады. Бір сәтте қарауылшы жасақты жан-жақтан гранаталармен атқылап көзін құртады. Сол ұрыста 16 бейбіт тұрғын қаза тауып, ақша сақшылар ұстай алмай қалған тонаушылардың қолында кетеді.

"Рейхсбанктің тоналуы". Берлин, Үшінші Рейх 1945 жыл Ұлттық Үшінші Рейх банкі сол замандарда қазынаға толы болды. Онда қызмет атқаратын қарны жуан билердің алтындары, партия мен сол аймақтың алтындарының көп бөлігі сақталды. Одақтастарымыз 1945 жылы Германияны басып алған кезде банктен алтынды таппаған. Берлинде атой болып жатқан кезде біреулер оңтайлы сәтті ұтымды пайдаланған немесе алдын ала барлығы басқа жерге көшірілген. Бір нәрсені нақты айтуға болады – 3 миллиард 34 миллион долларға бағаланатын қазына жоғалды. Дәл қазір бұл ақшалар түкке тұрғысыз болса да, ол заманда ерекше бағалы болған. Шамасы адамзат тарихындағы ең көлемді банк тонау осы. Ал тонаушылар осы күнге дейін ұсталмаған.

"Шик стиліндегі тонау". Сосьете Женераль. Ницца, Франция 1976 жыл Бұл банктен небары 9,8 миллион доллар тоналған. Бірақ, тонаудың ең ғажайып түрі қолданылды. Қылмыс әлемінің патшасы Альберт Спаджиари мен басқа да тонаушылар 1976 жылы 16 шілдеде Париждегі Сосьете Женераль банкіне кіреді. Олар мереке тойланып жатқан күнді әдейі таңдап, еденді тесіп, жер асты жолымен кіреді. Жәй ғана тонай салуды жөн көрмей, банкте бірнеше күн қонып қайтады. Сейфте сақталған ню стиліндегі суреттерді асықпай қарап, шарап та ішеді. Сақшылардың намысына тиіп шығып бара жатып Альберт Спаджиари керегеге «Ақкөңілділікпен, қарусыз және зорлық-зомбылықсыз» деп жазып кетіпті.

"Серілер көпіріндегі тонау". Knightsbridge банкі. Лондон, Ұлыбритания 1987 жыл Лондон қылмыстық әлемімен де танымал. Бұл жолы тонаушылардың назары Knightsbridge банкіне түсті. Қалғаны оңай болды. Киноларда көріп жүргеніміздей күзетшіге білдірмей қаруларын алып кіріп, қызметкерлерді қорқытып, 113 миллион долларды алып кеткен. Басқаларымен салыстырғанда сома үлкен, операция болса жылдам әрі тез.

"Алмас қоймасын тонау". Антверпен, Бельгия 2003 жыл Антверпендегі Алмас қоймасын тонау осы секілді қылмыстардың ең үлкені болды. Жеке меншік иелерінің ұяшықтарына жер асты жолы арқылы жеткен. Нәтижесінде 123 сейф ашылды. Жеке меншік иелері өз байлықтарын жариялағысы келмегендіктен нақты нұқсан мөлшері айтылмады. Кей мәліметтер бойынша миллиардтар қолды болып кеткен сияқты. "Дағдылы тонау".

Northern Bank. Белфаст, Солтүстік Ирландия 2004 жыл Ал бұл тонау өзінің дағдылылығымен ерекше. 2004 жылдың 19 желтоқсанында үш адам Northern Bank қызметшісінің үйіне жасырын кірген. Одан банк директорының қайда тұратындығын сұрап, бірден басшыға қарай жол тартқан. Жұмыс арасында қызметшінің де басшының да отбасыларын кепілдікке алып, ертесінде 50 миллион долларды алып тайып тұрған. Тонаушыларды ұстай алмаған. Қылмыскерлердің стиліне қарап IRA, яғни Ирландия Республикалық армиясының қатысы бар деп болжам жасалған.

"Жайлы тонау". Форталеза, Бразилия 2005 жыл Бұл тонау маймылдары көп Бразилияда болған. Бразилиялықтар жайлылықты қатты жақсы көреді. Мұны тонаушылар да дәлелдей түсті. Шілденің жайма-шуақ күнінде банк қызметкерлері жұмыс орындарына келсе, ақша мен ұяшықтағы қазыналар жоқ. Артынан анықталғандай қылмыскерлер жақын маңдағы қала сыртында орналасқан зәулім үйді жалға алып, сол жерден банкке бағытталған жер асты жол қазған. Маңдай терімен қазған жолдары арқылы барып, 76 миллион 800 мың доллар ақшаны алып қашқан. Үлкен сома ұзақ мерзімді дайындықтарын өтеді.

"Тікұшақпен тонау". Стокгольм, Швеция 2009 жыл Бұл тонау Швеция халқын таңдай қақтырды. 20 минут ішінде тікұшақты пайдаланып, қоймадан миллиардтаған қазынаны алып кеткен. Бұл соманың көптігі сонша, Швеция халқы тонаудан кейін дағдарысқа тап болған. Ғимараттың үстіне Bell2006Jet Ranger тікұшағы қона салысымен таңғы сағат 5.19 да автоматпен қаруланған маскалы 4 адам кіріп тонауды бастаған. Алдымен әйнек пирамида арқылы төмен сырғанап түсіп, операцияны бастайтын залға кірген. Жарылғыш заттар арқылы сейфтерді ашып, бір сәтте қазынаны тікұшаққа жеткізген. Дабылды тонау бастала салысымен қаққан полиция қызметкерлері ғимаратты толықтай қоршап ғана үлгереді. Ал ұшақжайдың есіктерінде «бомба тұр» деген жазу жазылғандықтан ұшақтар ауаға көтеріле алмаған. артынан анықталғандай жазу өтірік екен. Көлікпен де қуып жете алмаған себебі жолға дөңгелекті жаратын темірлерді алдын ала шашып қойған. Бірінші қабаттың есігін сындырып кірген уақыттарында тонаушылар жасырынып үлгерген. Жасырынған тікұшақты бірнеше сағат өткен соң Стокгольм өлкесінен көрген. Мұндай жоғары деңгейдегі тонауды кім жүзеге асырғаны осы күнге дейін белгісіз болып отыр. Еске Алдар Көсе мен Қожанасыр ертегісін түсіреді. «Айлакер, бірақ іс-әрекеті сүйкімді».

Сбербанк, Пермь 2009 жыл Ату шулы тонаулардың бірі 2009 жылы 25 маусымды болды. Ресейдің ақша тасымалдауға арналған оқ өтпес көлігіне түс мезгілінде шабуыл жасалған. Шабуылды жасаушы инкассаторлардың бірі – Александр Шурман. Ол қызметтестеріне қарумен қоқаң-лоқы көрсетіп, машинаны орманға қарай бұрғызған. Межеленген жерге жеткен соң ақшаны өзін күтіп тұрған көлікке салып, қызметтестерін оқ өтпейтін кабинаға жауып кеткен. Қақтығыс нәтижесінде жараланғандар жоқ. 250 миллион сом қолды болған. Тонаушының ізіне ұялы телефоны арқылы түсіп 2009 жылдың 1 шілдесінде ұстаған. Алдын ала қазылған Ласьвин қыстағындағы жертөреде тығылып жатыпты. Ал ақшалар жақын маңдағы құпия қоймадан табылған. 2000 жылдар ішінде болған Ресейдегі ең үлкен тонаудың бірі. Қылмыскер 1 сом да жұмсап үлгермепті.

"Credit Lionais қоймасы". Париж 2010 жыл 2010 жылы тонаушылар тобы Credit Lionais банкінде болып қайтқан. Олар 80 сантиметрлік керегені көршілес жатқан жертөре арқылы тескен. Қандай құралмен тескендігі осы күнге дейін белгісіз. Өте шебер атқарылған жұмыс. Күзетшіні байлап қойып, 9 сағаттың ішінде 200-ге жуық ұяшықтарды ашқан. Кетіп бара жатып жертөрені өртеген. Өртке қарсы жүйе іске қосылғандықтан, ұрланған қазынаның нақты мөлшері осы күнге дейін белгісіз. Ал қылмыскерлер ұсталмаған. "Ақымақ тонаушы" Отан алдындағы борышын өтеп келген жас сарбаз өз өмірін сейфтерді бұзуға арнамақ болады. Тырысып баққанына қарамастан, үнемі жолы болмайды. Мысалы бір тонау кезінде жарылғыш заттарды шамадан тыс қолданып, нәтижесінде алтын-күмістер балқып сейфтерге жабысып қалған. Тағы бірде пошталық пойызды тонаймын деп уақытты дұрыс есептемей, жолаушылар пойызын тонауға мәжбүр болған. Өмірінде 46 доллар мен 1 шөлмек виски тонап үлгерген. Қылмысы қайтыс болған соң анықталып, оны ешкім көмбеген екен. Табыт жасаушы бальзамдап, еш мойымаған қылмыскер ретінде көрмеге қойыпты. Оны көру үшін 5 цент төлеу керек екен. Осылайша Элмер тірі жүрген кезіндегіден де көп табысқа қайтыс болған соң жетіпті.

Қарлыға БҮЙЕНБАЙ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер