Америкалық автор "Ақмарал" романын жарыққа шығарды

2243
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

«Regal House Publishing» баспасынан америкалық жазушы Джудит Линберг «Ақмарал» романы жарыққа шықты. Бұл туралы “Егемен Қазақстан” басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, романда ежелгі Орталық Азия алқабында өмір сүрген көшпелі тайпадан шыққан жауынгер әйелдің тағдыры суреттелген. Туынды қазір АҚШ-тың кітап дүкендерінде сатылып жатыр. Оқиғалары өзгеше, тақырыбы тың болғандықтан, аталған шығарма мұхитттың ар жағындағы әдеби сыншылардың да назарын аударыпты.

«Ақмарал» – б.з.д. V ғасырда Орталық Азия даласында өмір сүрген көшпелі әйел-жауынгер туралы роман. Бұл туынды Қазақстан­да­ғы Есіктен табылған Алтын адам мен Тывадан табылған Сібір мұз ханшасы туралы археология­лық зерттеулерге негізделген. Аталған тақырып­қа қатты қызықтым. Грек тарихшысы Геродот­тың Троя со­ғысына қатысқан амазонкалар туралы жазбаларын да зерттедім. Осы кітапқа кіріспес бұрын шығармашылық ізденіс аясында тарихқа, Орталық Азияның кең көсілген алқабына және мәде­ниетіне терең үңілдім. Шығар­маны жазу барысында көшпе­лілердің мал шаруашылығы мен аңшылыққа негізделген дәстүрлі өмір салтын түсінуге тырыс­тым. Менің мақсатым – осы ұмыт қалған көне мәдениетті адамзат тарихының үлкен хронология­сында көрсету болды», дейді шығарма авторы “Егемен Қазақстан” басылымына берген сұхбатында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер