Ташкентте президенттер деңгейінде Орталық Азия - Еуропа Одағы саммиті өтеді

1096
Adyrna.kz Telegram
Фото: www.newscentralasia.net
Фото: www.newscentralasia.net

3-4 сәуір күндері Өзбекстанның Самарқан қаласында «Орталық Азия — Еуропа Одағы» алғашқы саммиті өтеді. Саммитке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев төрағалық етеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Іс-шараға Еуропалық кеңестің президенті Антониу Кошта мен Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен, сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары қатысады.

Саммитте Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы көлік-логистика, стратегиялық шикізат, экологиялық таза энергия көздері секілді ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.

«Біз шиеленіс жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Осы орайда, Еуроодақ үшін жалғыз шешім — бейбітшілік пен өзара өркендеуге негізделген серіктестік орнату», – деді Еуропалық кеңестің президенті Антониу Кошта.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте Өзбекстан басшысы «Орталық Азия — Еуроодақ» саммитін өз елінде өткізуді ұсынған болатын. Саммит қарсаңында Өзбекстандағы Орталық Азия халықаралық институтында Еуропа мен Орталық Азиядағы саяси талдау орталықтарының форумы өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер