Қытай Қазақстанмен шекарасын жабады

5399
Adyrna.kz Telegram

1-3 қазан күндері Қазақстан–Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жабық болады. Алайда әуе және теміржол қатынасы жабылмайды.

Алдағы аптада Қытай Қазақстанмен арадағы шекарада орналасқан өткізу бекеттерін үш күнге жауып тастайды. Ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

1 қазанда Қытай халық республикасының құрылған күні аталып өтеді. Осы мемлекеттік мейрамға байланысты 1-3 қазан күндері Қазақстан–Қытай мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттері жабық болады. Әуе және теміржол қатынасы жабылмайды. Ал 4 қазанда адамдар мен жүктерді өткізу жұмысы қайта басталады.

ҚХР-дың құрылған күні – осы елдің негізгі мемлекеттік мейрамы. Мереке жыл сайын аталып өтеді. 1949 жылы Бейжің қаласындағы Тяньаньмэнь алаңында Қытай халық республикасының құрылғаны туралы мәлімдеме жасалды. Бас кезінде осы мейрамда жыл сайын әскери шерулер ұйымдастырылды. Мәдени революцияның нәтижесінде мұндай шаралар тоқтатылған болатын. Дегенмен, 1984 жылы қайтадан қолға алынды. 2009 жылы өткен соңғы әскери шеруде Қытай әскери техниканың соңғы үлгілерін көрсетті.

Қытайда бұл мейрам кезінде бір апта бойы демалыс болады. Қала көшелерінде гүлден сан алуан композициялар жасалып, мерекелік шаралар мен от-шашу болады.

Айта кетейік, биыл Қытай осымен екінші рет шекара бекеттерін жауып отыр. Соңғы рет мұндай шара 1-5 мамыр аралығында болған еді. Ол кезде Көктем мен Еңбек мейрамы тойланды.

 

Пікірлер