Шымкентте Жастар орталығы қызметкерлерге әлеуметтік желідегі лүпіл үшін ескерту жасаған

1310
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының басшылығы қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбаға лүпіл баспағаны үшін ескерту жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Facebook қолданушысы Азат Дидарбектің жазбасына сілтеме жасап.

Желі қолданушысының айтуынша, орталық басшылығы өз қызметкерлерінің әрекеттерін әлеуметтік желілер арқылы бақылап, жазбаға реакция білдірмегендерді қысымға алған. Тіпті, мұндай жағдайдың салдарынан қызметкерлердің бірі мазасы кетіп, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.

“Мәселелерді шешудің орнына, орталық басшылығы мәселе көтерген жастармен айналысып отыр ма?” – деп жазды Азат Дидарбек. Ол сондай-ақ Шымкент қаласының әкіміне қарасты тұлғаларға жағдайға назар аударуға шақырды.

Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова бұл жағдайдан хабардар екенін айтып, істі жеке бақылауына алғанын жеткізді.

“Жағдай әділ және объективті түрде қаралады”, – деді ол Instagram парақшасында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер