Черчесовтен кейін. Әли Әлиев ресми түрде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері атанды

1334
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан футбол федерациясы Әли Әлиевті ұлттық құраманың бас бапкері етіп тағайындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri Sport сілтеп.

Осыған дейін ол бас бапкердің міндетін уақытша атқарып келген болатын.

Әлиев Tengri Sport тілшісімен әңгімесінде бұл ақпаратты растады және кеше ғана Қазақстан футбол федерациясымен ресми түрде келісімшартқа қол қойғанын айтты. Алайда келісімшарттың егжей-тегжейі құпия болып қалуда, себебі бапкер құпиялылық туралы құжатқа қол қойған.

"Иә, мен ресми түрде Қазақстан құрамасының бас бапкерімін. Келісімшарт туралы мәлімет бере алмаймын. Құпиялылық туралы құжатқа да қол қойдым. Кеше қол қойып, ресми түрде тіркелдім", – деді Алиев.

Айта кетейік, ол бұл қызметке 2024 жылдың 31 қаңтарында уақытша тағайындалған болатын. Ол ресейлік маман Станислав Черчесовтың орнына келген еді. Черчесов кезінде Қазақстан құрамасы алты ойын қатарынан гол соқпаған, бұл ел тарихындағы ең сәтсіз көрсеткіштердің бірі ретінде тіркелген.

Әли Әлиев жаттықтыруымен Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында екі матч өткізді. 23 наурыз күні Уэльс астанасы Кардиффтегі "Кардифф Сити" стадионында өткен ойында Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен жеңіліп қалды. Ал 26 наурыз түнінде Лихтенштейнге қарсы ойында ұлттық құрама 0:2 есебімен жеңіске жетіп, ұзақ үзілістен кейін алғаш рет іріктеу кезеңінде жеңіс тойын тойлады.

Бұл – Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы 11 жылдан астам уақыт ішіндегі алғашқы жеңісі. Бұған дейінгі жеңіс 2013 жылдың 6 қыркүйегінде Фарер аралдарына қарсы өткен матчта (2:1) тіркелген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер