COVID-19. Қытай АҚШ-тың айыптауына жауап берді

957
Adyrna.kz Telegram

АҚШ коронавирус зертханадан тарады деген жорамалын қайта көтеріп, Қытайды дәлелсіз айыптау арқылы COVID-19-дың таралуын саяси құралға айналдыруын жалғастырып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.

Өткен демалыс күндері Ақ үй COVID-19 індетінің шығу тегі туралы ақпарат беруге арналған жаңа веб-сайтты таныстырды. Онда індеттің Қытайдағы зертханадан тарағаны айтылған.

Сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Қытай СІМ өкілі Го Цзякунь вирустың шығу тегін зерттеу – маңызды ғылыми мәселе екенін айтты. Ол Қытай бұл бағыттағы жаһандық ғылыми зерттеулерге белсенді түрде қатысып, әрқашан ғылыми және ашықтық принципін ұстанатынын атап өтті.

Го Цзякунь АҚШ-ты бұл мәселені саясиландыруды, оны құрал мен қару ретінде қолдануды доғаруға, басқа елдерді орынсыз айыптауды тоқтатуға және пандемияға байланысты өзіне қатысты туындаған күмәндерге үнсіз қалмауға шақырды.

«АҚШ халықаралық қауымдастықтың әділетті алаңдаушылығына жауап беріп, әлем халықтарына нақты түсініктеме беруі тиіс», – деді Го Цзякунь.

Ол пандемия басталғалы әлемнің түрлі елдерінде вирустың шығу тегі туралы түрлі болжамдар айтылғанын, олардың қатарында АҚШ-тың да бар екенін еске салды. Бұл елде бір кездері вейп ауруының таралуы және Форт-Детрик биозертханасына қатысты жағдай ерекше назар аудартқан.

«Халықаралық қауымдастық АҚШ-тан нақты және ашық түсініктеме алу керек», – деді Қытай СІМ ресми өкілі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер