Еуропа Одағы Орталық Азияда Ресейге қарсы идеялар таратуда - Лавров

1066
Adyrna.kz Telegram
Фото: МИД РФ
Фото: МИД РФ

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропа Одағы Орталық Азияда «айқын антиресейлік бағыты бар өз күн тәртібін» ілгерілетуге тырысып жатқанын мәлімдеді. Бұл пікірін дипломат Өзбекстанға сапары барысында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Министрдің айтуынша, Ресей одақтастары мен стратегиялық әріптестерінің көпвекторлы саясат жүргізуіне қарсы емес. Алайда олардың кейбірі, әсіресе Батыс елдері, өз мүдделерін алға тартып, өңір елдерінің мемлекеттік құрылымдарына енуге бағытталған бағдарламаларға қаржы бөледі. Бұлар шекаралық ынтымақтастық, статистика, кеден саласы сияқты салаларды қамтиды.

Лавровтың сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) жұмысын тоқтату туралы шешімін Орталық Азия елдері оң қабылдаған. Министрдің айтуынша, бұл агенттік «кеңесші» деген атпен жергілікті билік органдарына кіріп алуға тырысқан.

«Сондықтан біз Орталық Азияның сыртқы әріптестермен ынтымақтастық процесін ішкі істерге араласу талпыныстарынан арылту керек деп санаймыз. Біз мұндайды ешкімге және ешқашан жасаған емеспіз», — деді Лавров.

Баспасөз мәслихатында Ресейдегі еңбек мигранттарына бақылауды күшейту мәселесі де қозғалды. Министр елде жұмыс күшінің тапшылығы барын айтып, шетелден келген азаматтардың сұранысқа ие екенін жеткізді. Бірақ олардың Ресей заңдарын сақтау қажет екенін ескертті. Сонымен қатар, кейде мигранттар арасында қылмыстық топтар да қалыптасатынын айтты. Осыған байланысты заң шығарушылар тепе-теңдік табуға тырысып жатыр.

«Мәселе еңбек мигранттарының Ресейге бармас бұрын орыс тілін, елдің заңдарын және шетелдіктерге арналған мінез-құлық ережелерін меңгеруі керектігінде», — деді Лавров.

Министр бұл мәселені өзбек әріптесі Бахтиёр Саидовпен және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен талқылағанын айтты.

Лавров Самарқандта екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылағанын хабарлады. Оның айтуынша, Ресей мен Өзбекстан сауда-экономика саласында белсенді жұмыс істеп жатыр. Мысалы, республикада Ресейдің қатысуымен жалпы құны 3,3 трлн рубль болатын 115-тен астам жоба жүзеге асырылуда, 3 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Мәдени-гуманитарлық салада да серіктестік дамып келеді, әсіресе білім беру саласында қарқынды дамуда. Лавровтың мәліметінше, Ресейде 56 мыңнан астам өзбек студенті оқып жатыр, ал Өзбекстанда Ресей университеттерінің 14 филиалы жұмыс істейді.

Самарқандтағы сапары кезінде РФ Сыртқы істер министрінің қатысуымен қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиға болды. Лавров «Қайғылы ана» ескерткішін аралау кезінде онда тек өзбек және ағылшын тілдерінде жазулар барын, бірақ орыс тілінде жазу жоқтығын айтып өтті. Бұл жағдай өзбек белсенділерінің арасында сынға ұшырады.

Мысалы, заңгер және танымал блогер Хушнудбек Худойбердиев қонаққа «орысша жазуларды өз еліңізден іздеңіз» деп кеңес беріп, министрдің сөзін «дипломатиялық әдепсіздік» деп атады. Ол Лавров ескерткішке орыс тілінде жазу болғанын қаласа, оны сыпайы түрде жеткізуі керек еді, ал ол өзін тексеруші секілді ұстады деп атап өтті. Блогер Өзбекстан билігі министрдің сөзіне бола ескерткішке өзгеріс енгізбейді деп үміт білдірді.

Өзбекстан Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзодхон Қудратходжа Facebook парақшасында (Meta корпорациясы Ресейде экстремистік деп танылған) әрбір ел ескерткіштердегі жазулардың қай тілде жазылатынын өзі шешетінін жазды.

«Басқа елдің сыртқы істер министрі бізді сынауы дұрыс емес. Біз олардың отары емеспіз ғой!» — деді ректор.

Сондай-ақ, ректор өзбек шенеуніктері Ресейге барған кезде батыл сұрақтар қоюды үйренуі керек екенін айтты, Мәселен, «Неге сіздер мигранттарды кемсітесіздер?» деген сұрақ.

Жағдайды Олий Мажлис (парламент) Заң шығару палатасының өкілі және «Миллий тикланиш» (Ұлттық жаңғыру) партиясының жетекшісі Әлішер Қадыров назардан тыс қалдырмады, ол әлеуметтік желілерде ресейлік саясаткерлер Өзбекстандағы орыс мәдениеті мен тіліне деген көзқарасты барлық жолмен нашарлатуға тырысып жатыр деп жазды.

«Неліктен Өзбекстан жастары ешкім ескертпесе де ағылшын, неміс, түрік және араб тілдерін үйренуге тырысады? Лавров мырза мәжбүрлі құрмет пен қолдан сұралған қажеттілік тек теріс нәтиже береді дегенді білмеуі мүмкін емес», — деп түйіндеді депутат.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер