Елін таңбалаған нар тұлға

1139
Adyrna.kz Telegram
Сурет: astanamuseums.kz
Сурет: astanamuseums.kz

Бүгін — белгілі сәулетші, Елтаңба мен Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің авторы, ғалым әрі қоғам қайраткері Шот-Аман Уәлихановтың туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шот-Аман (Шота) Ыдырысұлы 1932 жылы 26 сәуірде Көкшетау өңіріндегі Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Ол — атақты Абылай ханның ұрпағы.

1956 жылы Мәскеуде архитектура институтын бітірген соң «Казгорстройпроект» жобалау институтында архитектор, кейін КСРО Құрылыс және сәулет академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер, Алматы қаласы бас сәулетшісінің орынбасары, республикалық Мәдениет және тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, «Казграждансельпроектінің» бас сәулетшісі, 1973–1982 жылдары Қазақстан Сәулетшілер одағының төрағасы, КСРО Сәулетшілер одағы басқармасының хатшысы, 1990–1995 жылдары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында өнер және сәулет бөлімінің меңгерушісі болған. 

Ол 1999 жылы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, ал 2001 жылы Халықаралық Шығыс елдері сәулет өнері академиясының академигі, профессор атағын алды.

Шот-Аман Уәлиханов еліміздегі көптеген ғимараттың, монументтің және жиырмадан астам ескерткіштің авторы. Олардың қатарында Алматыдағы "Универсам" дүкені, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ғимараты, "Казгипрозем" үйі, Шоқан Уәлиханов, Тоқаш Бокин, Абай, Ғани Мұратбаев, Әліби Жангелдин, Ахмет Байтұрсынов, Кенесары Қасымов және тағы басқа ескерткіштер бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер