«Шыңғыс хан» ұлттық музейі Мәскеу Кремлі мұражайларымен ынтымақтастық орнатпақ

1402
Adyrna.kz Telegram

«Шыңғыс хан» ұлттық музейінің директоры, академик Сампилдондовын Чулуун Мәскеу Кремлі мұражайларының бас директоры Елена Гагаринамен кездесіп, екі мекеме арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады. Бұл туралы 25 сәуірде «Монцамэ» агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атап айтсақ, қос тарап маңызды жәдігерлер мен ғылыми басылымдардың каталогтарымен алмасқан. Сондай-ақ өзара бірлесе отырып, тарихи зерттеулер жүргізу мәселесін көтерген.

«Тарихи деректерде орыс монархтарының шығыспен байланыс орнату үшін моңғол шекарасы арқылы 44 рет елші жібергені айтылады. Моңғол хандары да дәл солай өз елшілерін жіберіп отырған»,—деп жазды агенттік.

Айта кетейік, 2019 жылы ашылған «Шыңғыс хан» музейінің қорында 10 мыңнан астам бірегей жәдігер бар. Экспозицияның негізгі бөлігі ұлы қолбасшы әрі жиһангер Шыңғыс хан тұлғасына арналған. Бұдан бөлек, көрмеде Ғұн дәуірінен бастап XX ғасырға дейінгі Моңғол мемлекетінің қалыптасу кезеңдерін толық қамтитын артефактілер қойылған.

Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Ұлан-Батыр қаласындағы музейді арнайы барып көрген болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер