Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласында орналасқан теңіз портында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы бүгін, 26 сәуірде Tasnim агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Шахид Раджаи портында жанармай цистернасы жарылған. Қазіргі таңда оқиға орнына жедел әрекет ету топтары жөнелтілді. Төтенше жағдай салдарынан аудандағы кеңсе ғимараты қирап, бірнеше көлік өртеніп кетті»,— делінген хабарламада.
Әзірге қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ, алайда 516 адамның зардап шеккені хабарланды.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың күші соншалықты қатты болған, оны Бендер-Аббас қаласының және Кешм аралының тұрғындары да сезген.
Қазіргі уақытта порт уақытша жабылды, оқиғаға орнында тергеу және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.