Тарихшы Жақсылық Сәбитов түркі халықтары арасындағы ортақ тарих, мәдени мұра, заманауи білім, ғылыми ынтымақтастық және тарихи мәселелерді қайта қарау өзара байланысты нығайтуға септігін тигізетінін айтады.
Тарихи тамырларды түсіну маңызды бола бастаған тұста Каспий теңізінің екі жағасында орналасқан қос түркі мемлекеті Қазақстан мен Әзірбайжан ортақ тарихи мұраларын зерттеуді тереңдетуге мүдделі. Бұл туралы қазақстандық тарихшы Жақсылық Сәбитов Әзербайжанның Аzertag агенттігіне берген сұхбатында тоқталған.
– Қазақстан мен Әзірбайжанда түркілердің тарихи мұрасы туралы тұтас түсінік қалыптастыруда мектептегі білім қандай рөл атқаруы керек және оқу бағдарламаларына қандай нақты өзгерістер енгізу қажет деп ойлайсыз?
– Біз тарихты тек дәстүрлі мектеп бағдарламасы аясында ғана оқып қоймай, дүниежүзі мен түркі тарихын тереңірек интеграциялауға, әсіресе, қазіргі Қазақстан мен Әзербайжан аумағынан тыс орналасқан түркі мемлекеттеріне баса назар аударуымыз керек деп ойлаймын.
Мысалы, мәмлүктер әулеттері, Үндістандағы түркі әулеттері, Осман империясы – осының барлығы мектеп оқулықтарында дүниежүзі және жалпы тарих оқулықтарында кеңінен көрсетілуі керек. Жалпы түркі тарихы бойынша факультативтік оқулықтар бар, бірақ бұл жеткіліксіз. Түріктердің және басқа да көшпелі халықтардың тарихын дүниежүзілік тарихтың негізгі бөлігіне енгізу қажет.
Қазір біз әлемнің басқа бөліктерін ұмытып, Еуропаны пропорционалды түрде зерттейміз. Бізге жақыны түркі елдері екенін есте ұстаған жөн. Кейде біз басқа түркі елдеріндегі бауырларымыз бен көршілеріміздің тарихынан гөрі Еуропа тарихын тәуірлеу білетініміз рас қой.
– Қазақстандағы жастар тек қазақтар ғана емес, өзбек, әзербайжан және басқа да түркі халықтарын қамтитын түркілердің түркі әлемінің мұрагерлері екенін түсіне ме?
– Біз қазір тарихымыздың трансформациясы кезеңін өткеріп жатырмыз. Соңғы 30 жылда тарих негізінен посткеңестік дәуірдегі талдауларға және кеңестік мифтерге тәуелді болды. Біз қазіргі тарихнамаға негізделген жаңа деректер мен тәсілдер тұрғысынан тарихтың кеңестік талдауын қайта қарап жатқан жайымыз бар.
Егер сіз Қазақстанға 10 жыл бұрын барсаңыз, кітап дүкендерінде тарихи кітаптардың әлдеқайда аз екенін көрген болар едіңіз. Ал қазір тарихқа деген қызығушылықтың тұрақты түрде өсіп келе жатқанын байқауға болады. Бұл демографияға да, өскелең ұрпақтың ынта-ықыласына да қатысты объективті процесс.
Бұл процесті социологиялық тұрғыдан зерттеу қажет екенін де атап өткен жөн. Өйткені әртүрлі аймақтарда осыған байланысты көрсеткіш әртүрлі болуы мүмкін. Ашық әлеуметтануда әлі нақты сандар жоқ, бірақ жалпы тарихқа деген қызығушылықтың арту процесі жалғасуда.
– Әзербайжанның ортақ түркі мұрасындағы рөлін қалай сипаттар едіңіз? Өңірде оның тарихының қандай элементтері ерекше назар аударуға тұрарлық?
– Әзербайжан тарихының маманы болмасам да, аймақ тарихында елеулі рөл атқарған елдегизидтер, аққойлы – аггойюнлу, қарақойлы – гарагойунлу және сефевидтер сияқты әулеттер мен мемлекеттердің тарихы академиялық ортада да, қоғамдық пікірталастарда да тереңірек және жүйелі түрде қамтылуға лайық екеніне сенімдімін.
Әзербайжанның қысқаша тарихын қоса қамтитын «Түркі елдерінің қысқаша тарихы» сериясы болса, тіпті жақсы болар еді. Меніңше, әзербайжан ғалымдары мұндай тарихты шетелдік аудиторияға, әсіресе Орталық Азия мен Қазақстанға да қатыстырып жазуы керек.
Екі ортада ғылыми салада белсенділік жоқ. Ал саладағы тығыз ынтымақтастық айтарлықтай маңызды нәтижелерге әкелуі мүмкін. Бізді Қорқыт ата эпосы және оғыз мұралары сияқты түйінді элементтер біріктіреді.
Оғыз халқының тарихы біздегі мектеп бағдарламасында үзінді түрінде қамтылған. Қазақстанда әлі де көп кездесетін кеңестік дәуірдің қалыптасқан түйіндерді сыни тұрғыдан қайта қарап, оғыздардың және басқа да түркі халықтарының тарихын олардың өз үддесі призмасы арқылы түсінуге ұмтылу қажет деп есептеймін.
– Әзербайжан ғалымдарына қандай сәлем жолдағыңыз келеді?
– Жалпы тарихи-мәдени негіздерді, атап айтқанда, оғыз халқының Әзербайжан халқының қалыптасуына қосқан үлесін жан-жақты зерттеу қажет. Аты фонетикалық жағынан «қазақ» этнониміне ұқсайтын Газах сұлтандығы қызықтырады, бұл қосымша зерттеуді қажет етеді. Сондықтан бұл атау ұқсас па, әлде тарихи байланыс бар ма, соны түсіну үшін бұл мәселені зерттеу қажет.
Қыпшақтардың Әзербайжан тарихына әсерін зерттеудің маңызы зор. Қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан территориясында өмір сүріп, кейін сіздің өлкеңізге қоныс аударған оғыз халқына ерекше назар аудару керек.
Шығыс тарихшыларының түркілер туралы еңбектерін аударудың маңызы ерекше: Зия Буниятов бұл іске өлшеусіз үлес қосты және бұл дереккөздерді аудару бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру қажет.
Түркі халықтары туралы әр дәуірдегі құжаттарды аудару қажет – олар сефевидтер мен қызылбастар туралы құнды мәліметтер береді. Бұл аудармалар әртүрлі тілдерде жарияланып, Әзербайжанда да, Қазақстанда да қолжетімді болуы керек деп ойлаймын.