Досын сатып кетіп, қарындасын алып жатыр

7310
Adyrna.kz Telegram

Былтырғы Қарағандыдағы қазақ пен армян арасындағы төбелес бүкіл Қазақстанды тік тұрғызып еді. Ол оқиғаның өткеніне, Рақымжан Бақытжанұлының фәниден бақиға көшкеніне жақында бір жыл толады.

Тірі адам тіршілігін істейді дейміз ғой. Бірақ, қазақ әр ненің жөнін, жолын білген халық. Қазақта аруақ аттаған оңбайды дейді. Бұл біле білгенге өте ауыр сөз.
"Древний Рим" төбелесін бастаушы, төбелес кезінде қашып кеткен, кейін сот барысында марқұм досын сатып кеткен Бакиев Әділхан бүгін үйленіп жатыр, қолдан қыз алуда.

Жарайды үйленсін. Бақытты болсын! Қалыңдығы кім десеңізш? Рақымжан марқұмның туған жиенін алып жатыр. Марқұм Рақымжанның әкесі Бақытжан ағамыздың туған апасының қызын алуда. Яғни ж Сонда туысқандары баланың жылы өтуіне енді бір ай (ресмилетсек бір жарым ай) тоса алмағаны ма? Ертең жылына қай беттерімен барады? Бұл екіжүзділік дегенді қойсаңызшы. Ағамызға мына оқиға қатты соққы болды. Е, жалған дүние-ай..

Ержан Асқар

 

Пікірлер