Жамбылдықтар істі сотқа жеткізбей шешкенді жөн көреді

3408
Adyrna.kz Telegram

Соңғы жылдары болмашы іспен сотқа жүгіретін азаматтар пайда болды. Тіпті кейде отбасылық ұстақ-түйек шаруалармен құқық қорғау органдарының арызданатын жандар кездесіп қалып жатады. Міне осындай жағдай туындай қалса, медиация қызметіне жүгінген жөн.

Жамбыл олблысында араздасқан азаматтарды Жанна Мамашева  басқаратын «Медиа қызметкерлері қауымдастығы» жастар қоғамдық бірлестігі татуластырып жүр. Аталған қоғамдық бірлестік облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша Әулиеата аймағында еңбек етуде.

Қоғамдық бірлестік төрайымының айтуынша, істі сотқа дейін жеткізбей шешу өте маңызды шаруа болып саналады.

«Біз биыл «Бітімгер» жобасы бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Яғни араздасқан екі тарапты сотқа дейін мәмілеге келтіріп, татуластыру бағытында еңбек етеміз. Жамбыл облысы сотының жанындағы Ардагерер кеңесінің ішінен Билер кеңесі құрылған болатын. Оңласын Есіркепов басқаратын Билер кеңесімен бірлесіп аудан-аудандарды аралап, оқыту семинарларын өткіздік. Бұдан бөлек «Қазақстандық медиаторлар палатасы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Эльмира Есімбетова ұйымдастыруымен 4 күндік семинарға қатыстық. Негізі кәсіби медиатор мен қарапайым медиатордың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Кәсіби медиатор әкімшілік пен сотқа жалпы кез-келген мемлекеттік мекемеге барып жұмыс істей алады. Мәселен еңбек даулары туындаса, медиатор оны бейбіт жолмен сотқа дейін жеткізбей шешуге тырсады. Біз атқарған жұмыстардың арқасында Жамбыл облысында сотқа арызданатын адамдардың саны айтарлықтай азайды. Егер де қандайда бір азамат соттың шешіміне қанағаттанбаса Жоғары сотқа аппелецияға береді. Ал медиацияның шешімін ешқандай Жоғары немесе облыстық сот жоққа шығара алмайды», – дейді ол.

Жанна Мамашеваның айтуынша, ағайын-туыстардың арасында мүлікке таласатын жағдайлар кездесіп қалып жатады. Алайда ол медиацияның арқасында көптеген ағайындар араздықты қойып, өзара келісімге келгенін жеткізді.

«Шыны керек қазақ халқының арасында соттасып, бет көріспей кететіндей жағдай болған емес. Ақсақалдардың ақылының арқасында отбасындағы кейкілжің ауылдан асып кетпей, өз шешімін тауып отырғаны көпшілікке белгілі. Қазіргі таңда ескі замандағы ақсақалдардың миссиясын медиация қызметі атқарып жатыр», – деді ол.

Жалпы соңғы жылдары медиация қызметі халықа арасында кеңінен насихатталып жатыр. Себебі халық арасында болмашы мәселе үшін сотқа жүгінетін азаматтар көбейіп кеткен болатын. Әйтсе де, кейінгі кездері соттасқаннан гөрі бітімге келгенді қош көретін болған.

«АДЫРНА»

ұлттық порталы

 

Пікірлер