Шығыс Қазақстан облысында «Ауылым - ел бесігі»  бағдарламасы аясында 188 жоба іске асырылады

2508
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысының  әкімі Даниал Ахметов ауыл өмірін жандандырып, шекара маңында орналасқан ауылдардағы мәселелер мен тұрғындар санының азаюын шешуге баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Ағымдағы жылы төртінші деңгейлі бюджетке көшкен аудан орталықтары мен 100 ауылдық округте ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 4,2 млрд теңге бөлінді. Оған аулаларды көркейту, саябақтар мен демалыс орындарын, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңдары мен спорт алаңдары салынды.

Сонымен қатар "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасының аясында 4 тірек елді мекен Глубокое, Көкпекті, Күршім, Үржар ауылдарында жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені (оның ішінде 1,9 млрд теңге республикалық бюджет есебінен) құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда.

Күршім мен Үржар ауылдарындағы көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабық бассейндер салынуда. Глубокое кентінде мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Ал Көкпекті ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынуда. Осылайша, 26,5 мың тұрғын жаңадан бой көтеретін ғимараттармен қамтамасыз етілмек.

2026 жылға дейін өңірдегі 116 тірек ауылда ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Ауылдарды көркейтуге кәсіпорындар мен бизнесмендер де үлес қосуда. "Туған жер" бағдарламасы аясында құны 1,7 млрд теңгені құрайтын 258 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Оның ішінде 162-сі "Әлеуметтік карталар бастамасы" атты республикалық интерактивті платформасына өзгерістер енгізбек. Осы мақсатта 230 көпбалалы отбасыға 558,5 млн теңге; облыс орталығындағы Менделеев көшесін қайта жарақтауға 260 млн теңге; Курчатовтағы жабық бассейнді салуға 117 млн теңге; Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы саябақ құрылысына 20 млн теңге; Семейдегі футбол алаңын салуға 15 млн теңге жұмсалады. Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ауыл - ел бесігі" атты арнайы жобасы аясында Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай, Зайсан, Үржар сияқты шекаралық аудандарда бес жылдық бағдарлама әзірленуде. Жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығындағы инфрақұрылым дамып, білім беру мен денсаулық сақтау, кәсіпкерлік салалары өркендеп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Осы мақсатта ең алдымен ауылдардағы  әлеуметтік ортаны дамыту мақсатында "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында тиісті жұмыстар атқарылуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер