Алматыда 26 белсенді аштық жариялауда

3665
Adyrna.kz Telegram

Соңғы кезде құқық қорғаушылар Қазақстандағы адам құқығы жөнінде дабыл қаға бастады. Он алтыншы желтоқсанда заңсыз митингіге қатысты деп қамауға алынған бір топ азаматтық белсенділер Алматыда аштық жариялап жатыр. Аштық жариялаған 26 белсенді бізді заңсыз қамауға алып, заңсыз ұстап отыр дейді.   Редакциямызға хабарласқан белсенділер қамауда аштық жариялағандардың ішінде жағдайы ауыр халдегі азаматтардың да бар екенін айтуда.

Желтоқсанның 16-ы, Тәуелсіздік күні  Алматы мен Нұр-Сұлтанда тұрғындар 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасында және 2011 жылы Жаңаөзен қаласында полицияның халыққа оқ атуынан құрбан болғандарды еске алуға жиналған болатын.

Оның алдында Нұр-Сұлтанда  Еуро парламент депутаттары келгенде бір топ қоғам белсендісі наразылық акциясын өткізген болатын.

 

Аштық жариялап жатқан белсенділердің тізімі.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер