Әкімдіктің екі бірдей қызметкері қамауға алынды

2773
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің екі бірдей қызметкері қамауға алынды. Облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары мен әкім аппараты заң бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Мемлекеттік қызметкерлер 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған бағдарламаға қатысты ұсталған. Нақтыласақ, осы өңірдегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкіліне заңсыз қолдау көрсетіп, қызмет ақысы ретінде 35 миллион теңге пара алды деп айып тағылып отыр.

Аталған мемлекеттік қызметкерлер мен серіктестіктің өкілі ұсталып, Өскемендегі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселе қаралып жатыр. Соңғы шешім сотта қабылданатын болады.

malim.kz

Пікірлер