Оңтүстік Кореядағы қазақстандық карантинге жатқызылады

2676
Adyrna.kz Telegram

Министрліктегілер қазақстандықтың Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргенін айтады.

"Ол өзі бізбен байланысқа шықты. Әлеуметтік желілерде суреттері таралып жатқанына таңғалып жатыр. Ансон қаласында ешқашан болмаған да екен, сараптама да тапсырмаған. Дегенмен сараптама тапсыруға дайын екенін айтты", - деді министрлік өкілі брифингте.

Смадияров қазақстандықтың карантинге жатқызылуы керегін айтады.

"Қазақстандықта коронавирустың ешқандай белгілері жоқ. Оған ауруханадағылар коронавирусқа тексеріле алмайтынын және ауруханада жатқызылмайтынын айтқан. Елшілік бұл мәселені бақылауға алды. Осыған байланысты СІМ өкілдері БАҚ-тардан расталмаған ақпарат жарияламай, елді дүрліктірмеуді сұрайды", - деді Смадияров.

Еске салайық, осыған дейін Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған қазақстандық туралы мәліметтің расталмағаны хабарланған болатын. "3 наурызда Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінде Қазақстан азаматында COVID-19 вирусы анықталғаны хабарланды. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, клиникадан қашып кеткен қазақстандықты қазір полиция іздестіріп жатыр. (...) Бұл мәлімет расталған жоқ", - деген еді Смадияров.

 

Пікірлер