1916 жылғы көтеріліс туралы кешенді жоба қортындыланды

2145
Adyrna.kz Telegram

Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған іс-шаралар кешенінің қортынды шарасы жасалып, жинақтың тұсаукесері мен деректі фильмінің таныстырылымы өтті.

t-saukeser

Еске сала кетсек, Алматы қаласының әрбір ауданында ірілі-ұсақты 8 дөңгелек үстел, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатта 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілген еді. Барлық алқасөзді есептегенде, 60 шақты тарихшылар мен қоғам қайраткерлері, өнертанушылар мен ақын-жазушылар, көтеріліс туралы өз ойларын ортаға салып, баяндамаларын жасады. Солардың ішіндегі үздік ғылыми мақалалар жинаққа енді.

marapattauda

Шарада ұлт-азаттық көтеріліске байланысты деректі фильмнің таныстырылымы өтті. Негізінен, ұлт-азаттық көтерілістер Кенесары ханнан бастау алады. Деректі фильмнің басында осыған ерекше мән берілген. Одан кейін 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Алаш зиялыларының ұстанымдары, ең ақырында Ақ патша тақтан құлаған соң Уақытша үкімет басқарған кездегі алмағайып заман сипатталады. Алаш автономиясының құрылуы осы кезге сәйкес келеді. Осылайша осы кездері Тәуелсіз Қазақ елінің іргетасы қалана бастайды.

Әрмен қарай жинақтың тұсаукесері болды.  Онда т. ғ.к., жазушы Б.Қойшыбаев пен ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры Ләззат Ақтаева кітаптардың лентасын қиып, салтанатты түрде тұсаукесер рәсімін жасады. Қоғам қайраткері, тарихшы Б.Әбдіғалиевтің жинаққа енген мақаласында қызықты деректер бар: Бұл соғысқа (бірінші дүниежүзілік соғыс) қазақтың 5-6 офицері қатысқан. Олардың бәрі әскери учелище бітіргендер. Алаш әскерін құрғандардың бірі Хамит Тоқтамысовтың бауыры Сұлтанмұрат Тоқтамысов қатысқан. Б. Әбдіғалиевтің мақаларынан бірінші дүниежүзілік соғыста қазақтардың үлесі бағаланбай келе жатқаны жазылады. Тарихқа қайта көз жүгірткісі келген адамға бұл ғылыми жинақтың маңызы өте зор.

svetlana-sma59lova

Шара соңында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары, тарих ғылымының докторы Светлана Смағұлова мен «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігінің жетекшісі Арман Әубәкір бір топ ғалымдар мен өнер шеберлеріне, журналистерге, кітапханашыларға, жалпы шаралардың өтуіне атсалысқан азаматтарға сертефикаттар мен алғысхаттар табыстады.


Жасұлан НАУРЫЗӘЛИЕВ,

"Адырна" ұлттық-этнографиялық порталының редакторы 

 

Пікірлер