Алматыда екі жастағы қыз бала коронавирус жұқтырған

2033
Adyrna.kz Telegram

Күршевельден келген  екі жасар алматылық қыз коронавирусты жұқтырған. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

"2018 жылы туған науқас Куршевель-Берлин-Алматы чартерлік рейспен ұшып келді. Чартерлік рейстің барлық құрамы карантинге жатқызылды", - деді ол.

Бұрын хабарланғандай,  бұған дейін 2018 жылы туылған қыз баладан да вирус табылған болатын. Ол  13 наурызда Берлин - Минск - Алматы рейсімен ұшып келген. Қазір ол  Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты Президент бір айға төтенше жағдай режимін енгізді.

Пікірлер