Атырауда миллион медициналық масканы заңсыз сатпақ болған

2440
Adyrna.kz Telegram

Атырауда маскаларды жоғары бағамен заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Хабарланғандай, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтады.

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай кезінде Атырау қаласындағы азаматтар тобы жалпы сомасы 313 миллион теңгеге 1 миллион дана медициналық маскаларды сатумен айналысқан», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомствода медициналық маскалар мен антисептикалық құралдарды сату кезінде бағаны негізсіз көтеру фактілерінің куәгерлері ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті – 8 (7172) 70-84-78, Атырау облысы бойынша ЭД – 8-7122-35-42-10 сенім телефонына хабарласа алатынын еске салды.

Бұған дейін хабарланғандай, Нұрсұлтан тұрғындар медициналық маскаларды жоғары бағамен сатқаны үшін ұсталды. Олар 55 мың дана маскалар партиясын сатуға тырысты.

Пікірлер