Қазақстанда көлікті бақылау посттарының жаңа жүйесі енгізіледі

2600
Adyrna.kz Telegram

 2020 жылдың 1 маусымынан бастап көлікті бақылау посттарының жаңа жүйесі  қолданысқа енгізіледі,- деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

​ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы 19 наурыздағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесіне өзгерістер енгізді.
​ Атап айтқанда, ережеге мынадай өзгерістер енгізілді: автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде көліктік бақылау бекетінің қызметкерлері нысанды киімде (погонсыз) болуға, нөмірлік кеуде белгілері мен қызметтік куәліктері немесе сәйкестендіру карталары болуға тиіс.
​Сонымен қатар, олар тез арада көлік құралына жақындап, көлік құралының тоқтау себептерін түсіндіруге және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлікті не оны жүргізушіге бермей сәйкестендіру картасын көрсетуге тиіс.
​Бұйрық 2020 жылы  1 маусымнан бастап күшіне енеді.

Жасұлан Наурызәлі,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер