Қазақстанда 584 адамға вирус жұқты

2998
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 580-нен асты деп хабарлайды "Адырна" "Азаттық" радиосына сілтеме жасап.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 5 сәуір сағат 22.05-тегі дерегіне сай, елде тағы 15 адамнан коронавирус табылды: Алматы қаласында –1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Атырау облысында –​ 6, Қызылорда облысында – 6 адам, Қарағанды облысында 1 адам.

Министрлік Нұр-Сұлтанда алты адамның Covid-19 дертінен айыққанын мәлімдеді. Елде қазір 584 адамға коронавирус жұқтырды. 42 адам аурудан жазылды. 6 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сәуірдің алғашқы он күнінде елде вирус тарау шегіне жетіп, кейін азая бастайды деп болжайды. Министрдің есебінше, елде 3500 адамға вирус жұғуы мүмкін.

Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Елдің басым бөлігінде шектеу қойылған. 6 сәуірден бастап Ақтөбе қаласы карантинге жабылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер