«Рухани жаңғыру» -ұлттың, ұрпақтың дара жолы

5337
Adyrna.kz Telegram

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.
Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты.
Прагматизм. Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды.
Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті.
Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды.
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. ХХ ғасыр қасіреттерін қаперімізге сақтап, одан сабақ алу және де дүрбелең туғызу экономикалық күйреуге алып келетінін қазіргі кезде болып жатқан әлемдік толқыныстарды мысалға келтірді. Ревалюциялық өзгеріс емес, эволюциялық жаңару алып келуіміз керек екеніне ой қортты.
Сананың ашықтығы бұл саяси ұлтты қалыптастыру жолында. Әлемде алдыңғы қатарда табылу үшін біздің әрқайсымыз және баршамыз бірігіп өзіміздің ой-өрісімізді өзгертіп ескірген таптаурындықтардан арылуымыз керек.
Бұл елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа мензеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.
Сөзімнің соңын Елбасымыздың сөзімен аяқтағым келіп тұр.
«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. «Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін табасың».

Халықпыз ежелден-ақ өр мінезді,
Жаңғырудың енді міне келді кезі.
Шын қолдап Елбасының саясатын,
Күн санап жаңғыруда елдің өзі.

Жетпіс жыл қызылдарға сиынсақ та,
Халқымыз сан жол тапқан қиын шақта.
Енді бүгін жаңғыру кезеңінде,
Ұлтыңның дінін,ділін,тілін сақта.

Бүгінде айналаның нұрлы бәрі,
Тұр естіліп көңілді Сырдың әні.
Кешегі бабалардың өсиеті,
Рухани жаңғырудың бір құрамы.

Қазақ елі құрметке мәңгі лайық,
Тез өркендеп әлемді таң қылайық.
Рухани жаңғыруды шын түсініп,
Бәрімізде дәл бүгін жаңғырайық

Данияр СЕРІК
ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің студенті.
Ф.АҚЫНБАЙҚЫЗЫ, ғылыми жетекшісі
ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Пікірлер