"Бұрынғы бизнес алаяқтар бүгінгі қоғамның алаяқтарына айналды"

4228
Adyrna.kz Telegram

Белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында дәл осылай мәлімдеді. "Бұрын бизнесте алаяқ болған адам саясатта да алаяқ болып қала береді. Бұны ұмытпаңыздар - адам ешқашан өзгермейді. Біз бала секілді сенгіш халықпыз" дейді Тайжан.

"Өкінішке орай, біз бала секілді сенгіш халықпыз. Әдемі сөйлеген адамға жылдам сеніп қаламыз. Ал біреу бізге кәмпит көрсетсе тіпті қуанып қаламыз.

Қыздар маладес. Олар жігіттің сөздеріне емес ісіне қарайды. Біз де соған үйренуіміз керек. Халықтың алдына шыққан адамның әдемі сөзіне емес - бұрынғы істеріне қарау керек.

Менде бір 100-пайыз эффективный тестім бар. Кез келген адам "мен саясаткермін" десе, ол адам халқымыз қиын жағдайда табылғанда не істеді тексеру керек. Нақты айтқанда:

1. 2016 жылы Жер мәселесі ұрып тұрған кезінде не істеді?

2. 2011 жылы Жаңаөзен мен Шетпе қанды оқиғасы орын тапқан кезінде не істеді?

Өте қарапайым және нақты екі сұрақ. Егер ол адам о кездерде үндемей отырған болса, бұндай адам саясаткерлікке жарамайды. Не халыққа жан ашымайды, не жүрек жоқ. Келесі рет те үндемей қалады, халықты сатып кетеді.

Ал бұрын бізнесте алаяқ болған адам саясатта да алаяқ болып қала береді. Бұны ұмытпаңыздар - адам ешқашан өзгермейді.

Сенгіш, момын халық болуға жетеді ғой. Сіздерді неше рет "саясаткерлер" алдап тастаған болатын, жеткілікті емес пе? Уақыт, өмір өтіп бара жатыр ғой! Мен айтқан сұрақ-тестерді ұмытпаңыздар, "саясаткермін" дейтін кандидаттар үшін бұл 100% тиімді тест. Естеріңізде болсын".

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер