Испанияда коронавирустан қайтыс болғандар саны күрт артты

2880
Adyrna.kz Telegram

Испанияда COVID-19-дан 331 адам қайтыс болды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 43 адамға көп. "Еуроньюстің" хабарлауынша, эпидемия басталғаннан бері қайтыс болғандардың жалпы саны 23 500-ді құрап, 209 мыңнан астам адам ауру жұқтырған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жүз мыңнан астам науқас жаңа коронавирус тудырған аурудан айыққан.

Испанияның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Фернандо Симонның айтуынша коронавирустың жаңа түрінен тіркелгендер аз. « Бірнеше күннің ішінде 300-ден аз адам қайтыс болған болса, өкінішке орай,  соңғы жиырма төрт сағат ішінде 331 науқас қайтыс болды. Бұл өте өкінішті статистика, бірақ коронавирустың жаңа түрімен ауырып тіркелгендер аз. Бұл жағдай бізге үміт береді ».

Испанияда коронавирустың алғашқы жағдайы 31 қаңтарда анықталды. Наурыздың ортасынан бастап мемлекет үлкен дайындыққа кірісті. Бұл шара билікке бүкіл ел бойынша тұрғындардың қозғалысын шектеуге мүмкіндік берді. Дүйсенбіден бастап билік шектеу шараларын жеңілдетті. Атап айтқанда, балалар енді ересектермен бірге серуендеуге бара алады. Сейсенбіде Министрлер Кеңесінің келесі отырысында карантинді кезең-кезеңмен алып тастау жоспары бекітіледі.

Оңғар Қабден,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер