«Хабар 24» телеарнасының сюжетінің үзіндісі Интернетте қатты таралуда, онда төтенше жағдай 24 шілдеге дейін ұзартылады деп хабарлайды. Белгілі болғандай, видео кесілген. Толық оқиға Франциядағы төтенше жағдайдың ұзартылуы туралы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Франция парламенті коронавирустық індет аясында қабылдаған төтенше санитария туралы заң 24 наурызда күшіне енді. Бұл режим екі айға, яғни 24 мамырға дейін енгізілді. 28 сәуірде Франция премьер-министрі Эдуард Филипп 11 мамырдан кейін елді карантиннен шығару жоспарын ұсынып, бұл заңды ұзартуды ұсынды.
11:35 минуттан бастап көріңіз
Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілді. 27 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды.