Шығыс Қазақстанда ірі қара малдың жаппай қырылуының себебі анықталды

4419
Adyrna.kz Telegram

Малдардың жаппай қырылу себептерін Шығыс Қазақстан облысының мамандары айтты, - деп хабарлайды "Адырна"  Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп.

Бұрын хабарланғандай, белгісіз аурудың өршуі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Көктал ауылында тіркелген болатын, белгісіз індеттен сәуір айының соңында 200-ден астам сиыр мен бұзау қырылды.

Шығыс Қазақстан облысы Ветеринарлық медицина департаментінің мәліметінше, мал өліміне бірнеше фактор себеп болған. Бірінші себеп пастереллез ауруы деген күдік болды.

«Пастереллез өткір зоонозды жұқпалы ауру. Қазір жануарлардың ауруына қатысты анықтау шаралары жүргізілуде. Көктал ауылында мал ауруына байланысты карантин жарияланды. Айтайын дегенім, пастереллез адамдар үшін қауіпті емес, ауру жануарлар арасында таралуда. Вакцинация жүргізіп жатырмыз. Ауру меңдеген сиырлар мен бұзаулар індеттің алдын алу үшін жойылды », - деді ШҚО ветеринария басқармасы ветеринарлық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Нұрасыл Кәрібжанов.

Маманның айтуынша, тағы бір себеп, жануарлардың күтімі болуы мүмкін. Оқиға орнына келген мемлекеттік комиссия өкілдері сиыр мен бұзаулардың күтім жағдайына таң қалған.

«Жануарлар өте арық болды, олардың әлсірегені сонша азық жей алмайды. Барлық арық малдардан пастереллез бактериялары табылды. Малдардың арықтығы аурудың өршуіне және  малдың өліміне әкелуі мүмкін» - деді Нұрасыл Кәрібжанов.

Белгілі болғандай, Көкталда негізінен Алакөлден балық аулайтын балықшылар тұрады. Олар бірнеше күн бойы көлге кетеді. Шамасы, дәл осы кезде мал қараусыз қалған. Бірақ, полигонға келген мамандардың айтуынша, жем-шөп қоры көптеген мал иелерінің қоралары  мен фермаларында болған.

Облыстық ветеринария басқармасы соңғы рет пастереллез Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы тіркелгенін айтады. Ол кезде Көкпекті ауданында бұл аурудан екі жылқы өлгені хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін өлген мал үшін өтемақы мөлшері анықталған еді. Сонымен, ірі қара малдың әр басына 260 мың теңге, бір жастағы жануарға 150 мың теңге (2019 жылғы төл) және 50 мың теңге биыл туған жас төлге төленеді.

Пікірлер