Алматыдағы су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

3244
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы ТЖД өкілі 14 мамырда айтылған ескертуден кейін қаланың барлық апат-құтқару қызметі жоғары дайындыққа келтірілгенін хабарлады. Жиі су басатын учаскелерге алдын ала адамдар мен техника жіберілді.

«Үш учаскеде бұл шаралар өзін ақтады. Келіп түсуіне қалған өтінімдер жедел пысықталды. Ауласына су кіріп үлгерген 15 жеке тұрғын үй су басудан аман қалды. Төрт жағдайда су жолға шығып, екеуінде - көппәтерлі үйлердің жертөлесіне құйылды», - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, Наурызбай ауданы Әшімов көшесі, 89-үйде арық жүйесі толып, су жеке тұрғын үй аумағына кірген.

«Сағат 12.00-ге дейін жерге 30 дана қап төселіп, апаттың алды алынды, оған 5 дана техника мен 15 адам жұмылды», - деп атап өтті ТЖД.

Сондай-ақ, 19 ағаш құлап, оның 8-і автокөліктерге, 11-і жолға түскен.

Су басуды жоюға өзара іс-қимыл қызметінің 131 қызметкері, 39 дана техника, 9 мотопомпа жұмылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Барлығы 840 текше метр су сорылып, 260 қап төселді. Жұмыс әлі де жалғасып жатыр.

"Жас алаш"

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер