Зульфия Чиншанло халықаралық жарыста жүлделі орынға ие болды

2878
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық зілтемірші Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан халықаралық кубокта екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Vesti.kz.-ке сілтеме жасап.

Халықаралық жарыс Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған.

55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Өзбекстан спортшысы Муаттар Нәбиева 205 келі (95+110) зілтемірді бағындырып, үздік атанды.

Чиншанло жұлқа көтеруде қарсыласына жол берді, ал серпе көтеруде ешкімге есе жіберген жоқ. Осылайша, ол 115 келі көтеріп, күміс медальға ие болды.

Үздік үштікке польшалық Йоанна Лоховская енді (80+105).

Сондай-ақ, бұл халықаралық жарысқа қазақстандық зілтемірші Ибрагим Берсанов те қатысып жатыр. 30 тамызда ол 109 келі салмақта бағын сынайды.

Жарыс онлайн режимде өтіп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер