50 жаста қалай жас көрінуге болады: Мелания Трамптың құпиясы

2872
Adyrna.kz Telegram

Мелания Трамп – АҚШ-тың бірінші ханымы, 45-президент Дональд Трамптың  жары. Ол өзінің киім кию стилі мен жұрт алдындағы сәтсіз сөздерінің арқасында жиі сынға алынып жатады.  Әйтсе де, бірінші ханымның 50 жаста бола тұрып, 35-тегідей жас көрінуі талайды таңқалдырады.

  • Жемістердің пайдасы. Мелания жастығын сақтау үшін арнайы тамақтану рационын қадағалап, оны бұлжытпай орындайды. Соның бірі – күн сайын кем дегенде 7 жеміс түрін жейді. Осылайша, дәрумендердің қорын толықтырып, тәттіге деген құмарлықты басады.
  • Құпия рецепт. Әрдайым тек «жеміс жеу» дәстүрін қайталай бермеу үшін Мелания түрлі смузи, коктейль жасап ішеді. Ол интернетте өзі қолданатын рецептілердің бірімен бөліскен. Коктейль құрамында балдыркөк, шпинат, көкжидек, алма, сәбіз, жаңа сығылған апельсин шырыны, калориясы аз йогурт, зәйтүн майы, зығыр тұқымы, омега 3 және Д дәрумені бар. Көбіне Меланияның таңғы асы осыдан басталады.
  • Меланияға не ұнамайды. Жеміс пен көкөністерді көп тұтыну себебі түсінікті – дәрумендердің, дәмнің, қантты алмастырудың бір түрі. Алайда, оған ұнамайтын көкөністер де бар. Пияз бен бөрікгүлді (артишок) мүлде пайдаланбайды.

Шаштың, терінің және тырнақтың сұлулығын сақтау үшін бірінші ханым А, С және Е дәрумендерін пайдаланады. Бірақ Меланияның өзі арнайы диетаны ұстанбайтынын, тек дұрыс тамақтануға тырысатынын айтады: «Маған балмұздақ пен шоколад ұнайды, көңілім қаласа, тәттілерден бас тартпаймые. Көмірсулардың көп мөлшері – бұл қуаныш сыйлайды, әсіресе, дұрыс тамақпен үйлескенде».

Спортқа келетін болсақ, бірінші ханым күн сайын білек салмағын көтеретін кардио жаттығуларымен айналысады. Мелания спортзалға мүлдем қаламаса да барады. Ол сонымен қатар пилатес пен үлкен теннистің жанкүйері.

 

 

Фото ашық дереккөзден алынды

 

Айжан ПЕРДЕБЕКҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер