Шымкент: Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

2289
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласының әкімдігі арасында туризм саласын дамыту мақсатында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Бұқара қаласы әкімінің орынбасары Камал Давроновпен бейне-байланыс арқылы тілдесіп, келісімге қол қойды.

Аталған меморандум екі жақты достық қарым-қатынасты нығайтып, алдағы уақытта туризмді дамытуда бірлесе жүйелі шаралар қабылдауға септігін тигізетін болады. Меморандум шеңберінде пандемиядан кейінгі кезеңде ортақ туристік өнімдер әзірлеп, оларды ішкі және халықаралық туристік нарыққа таныту, жарнамалық-маркетингтік компаниялар жүргізу және екі өңірдің туристік индустриясын дамытуда тәжірибе алмасу жоспарлануда.

Сонымен қатар, меморандумды жүзеге асыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер