Kaspi.kz-ке не болды?

2351
Adyrna.kz Telegram

Бүгін,  28.10.2020 жылы әлеуметтік желі арқылы Kaspi.kz қосымшасына Нұр-Сұлтан уақытымен 6:53-те кибершабуыл жасалғандығы туралы хабарлама тарай бастады.  Бұл жағдайға байланысты Kaspi.kz-тің Баспасөз хатшысы Ербол АЗАНБЕК түсінік берді.

Kaspi.kz-тің Баспасөз хатшысы Ербол Азанбек: "Kaspi.kz қосымшадағы техникалық ақауларды ретке келтіруде.

Клиенттердің ақшалары жеке шоттарында сақтаулы тұр.

28 қазан күні Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақау туындады. Нәтижесінде клиенттердің шоттарындағы қаржы көлемін қате көрсетуде.

Өкінішке қарай картамен төлем жасау, банкоматтардан ақша шешу, толықтыру, төлемдер мен аударымдар уақытша қолжетімсіз.

Компания барлығын тез арада қалыпқа келтіру үшін жұмыс жасауда.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екендігі туралы жалған ақпарат тарады. Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз, клиенттердің қаражаты түгелдей өз қалпында және ақау ретке келтірілгеннен кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі"- деді.

Айта кетейік, хабарламада пайдаланушылардың жеке шотынан жалпы көлемі 78 937 374 теңге аударым жасалғандығы айтылған. Сондай-ақ банк қосымшасы бірнеше сағат бойы өз клиенттеріне қызмет көрсете алмады. Банк клиенттері жеке шоттарынан ақша жоғалғаны жайлы айтып шағымдана бастаған еді.

Фото ашық дереккөзден алынды

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер