Әкесінен бала босанды деген қызға қатысты тың дерек шықты

5108
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте туған әкесінен жүкті болып, қыз босанды деген мектеп оқушысы жайында басқаша мәліметтер шығып жатыр,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, оқушының жасы 15-те емес 17-де көрінеді. Әрі өз әкесінен жүкті болды деген әңгіме шындыққа жанаспайды екен. Бірақ бойжеткеннің кімнен көтеріп қалғаны белгісіз. Туыстары полицияға шағымданбағандықтан, іс жарты жолда қысқарып кеткен.

«Шындығына келгенде ол 11-сыныптың оқушысы. Қыздың жасы 17-де болған. Өздеріңіз білесіздер, 16 жасқа дейінгі ол сол ерте жүктілікке жатады. Қыздың жасы 17-ге келген. Ата-анасының немесе басқа да жақтардан мен құзырлы органдардан сұрандық. Ешқандай арыздар келіп түспеген»,-деді басқармаса басшысы.

Сондай-ақ, қаланың бас педагогы бұл жағдайдың ақпан айында болғанын айтты. Шәкіртінің аяғы ауыр екенін сезген мұғалімдері оны кешкі мектепке ауыстырыпты. Қазіргі таңда нәресте қыздың анасының қамқорлығында екен.

Еске сала кетейік, бұған дейін 15 жастағы қыз баланың босанғаны жайында айтылған. Сол кезде Шымкент қалалық білім басқармасының бас маманы оқушының жүктілігіне әкесінің қатысы бар болуы мүмкін деген еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер