А.Перуашев: «Алаштан» артық ұлттық идея жоқ

3087
Adyrna.kz Telegram

Бүгін «Ақ жол» партиясы Алаш көшбасшыларының бірі Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Оян, қазақ!» атты онлайн конференция өткізді, деп хабарлайды «Адырна» партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференцияға партия төрағасы Азат Перуашев, “Алаш” мәдениет және рухани жаңғыру институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлы, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, алаштанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференцияда Мемлекеттік тарих институтының директоры, профессор Еркін Әбіл, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, академик Зиябек Қабылдинов, белгілі ғалым-алаштанушылар Марат Абсеметов, Ғарифолла Әнес, Дихан Қамзабекұлы, Ербол Тілешов, Амантай Шәріп, Алмасбек Әбсадықов, Сайлаубай Ерлан, Сағымбай Жұмағұл және басқа да алаштанушылар баяндама жасап, көрнекті ағартушы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері әрі жалынды көсемсөз шебері М.Дулатовтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен оның туындылары жапон және түрік тіліне аударылғанын тілге тиек етті.

Конференциядағы қорытынды сөзінде А.Перуашев «”Алаштан” артық ұлттық идея жоқ. Біз «Алаш» саяси мұраларын Қазақстанды жаңғыртудың ұлттық идеясы ретінде қараймыз және олардың мұраттарын мемлекеттік құрылыста, экономика және қоғамда табандылықпен жылжытатын боламыз. Алашорда қайраткерлері мәлімдегендей Қазақстанның 20-25 жылдың ішінде өзінің қоғамы мен экономикасын жаңғыртуға және әлемде лайықты орнын алуға барлық мүмкіндігі бар дегеніне сенеміз»,-деді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер