Перзентханада ауысып кеткен сәбилер

3505
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысының екі тұрғыны бір-бірінің перзентханада ауысып кеткенін 35 жылдан соң бір-ақ білді, деп хабарлайды «Адырна» «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Бөтен отбасында өскенін білген Ержан Қуанышев пен Нариман Хамитов өз ата-анасымен кездесті. 35 жылғы перзентханадағы оқиға сотта қаралады. Оқиға жайлы жергілікті журналист Салауат Игіліков желіде жазған. Ержан Қуанышев пен Нариман Хамитов 35 жаста. Екеуі 35 жыл бұрын перзентханада ауысып кеткен екен. Бала күнінде оған ата-анасына ұқсамайтынын айтқандар көп болған, алайда бұған мән бермепті. Нариман өзінің ата-анасына ұқсамайтыны туралы көп айтыла бастаған соң ДНҚ тестін тапсырады. Нәтижесінде әкесіне де, анасына да 99,99% өз ата-анасы емес екені болды. Бұған өзі де, ата-анасы да таңғалады. Осыдан соң перзентханада екі баланы кездейсоқ ауыстырып жібергені анық болды. Жәбірленушілер аурухана атына арыз жазды.

"Әрине, мені тәрбиелеген адамдарға деген көзқарас бір сәтке де өзгерген жоқ. Олар қалай болса да менің әкем мен анам болып қала береді. Биологиялық ата-аналарым бейтаныс адамдар арасында өзіңдікіндей немесе өз адамдарың арасында бөтен адам сияқты. Мен мұны басқа жолмен айтып жеткізе алмаймын, тіпті бәрін қалай сипаттайтынымды да білмеймін. Жалпы жағдай туралы айтсам, мен үлкен соққы алдым. Өмір бойы бөтен ата-аналардың тәрбиесінде болу, оны кейін білу - қиын нәрсе екен. Менің ойымша, сот бәрін шешеді, ал мамандар болған жағдайдың барлығына заңды бағасын беруі керек", - дейді Ержан Қуанышев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер