Дәрігерлер жалған анықтама сатқан

3061
Adyrna.kz Telegram

Дәрігерлер шекарадан өту үшін жалған анықтамалар сатқан, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен "Ж" жеке медициналық орталығымен ұйымдастырылған ҚР шекарасын заңсыз өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындыларын сату бойынша қызметі тоқтатылды.

"Биыл 18 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары кезінде жалған ДКК қорытындысын бақылау сатып алу нәтижесінде аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды. Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленіп алынды", - делінген хабарламада.

Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде ДКК қорытындыларының түпнұсқалары алынып, сәйкес экспертизаға жолданды.

ҰҚК мәліметінше, медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жалған ДКК қорытындыларын тұлғаларға сатып отырған. Сонымен қатар, шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда, қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер