Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының финалына шықты

2916
Adyrna.kz Telegram

Димаш Құдайберген «Виктория» музыка байқауының финалына шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы байқаудың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресейдің «Виктория» ұлттық музыка сыйлығы 3 желтоқсан күні тапсырылады. Отандасымыз байқаудың «Үздік поп әнші» аталамында «Your love» әнімен бағын сынамақшы.

«Сыйлықты тапсыру рәсімі Кремль сарайында өтеді. Биылғы байқауда көрермен болмайды. Алайда концерттің телевизия нұсқасы 18 қаңтарда «Россия-1» телеарнасында көрсетіледі»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік,финалға шыққандар 14 номинация бойынша бақ сынайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер