Діни догманың құрбандары

5490
Adyrna.kz Telegram

Әкесі Айшаны сегіз жасында болашақ күйеуімен атастырған. Осылайша өзара жанжалдасқан екі әулет бітімге келіп, құдандасқан болатын. Үлкендер шешімімен Айша Уразган провинциясына ұзатылады. Үйлену тойы дейін болашақ күйеуінің отбасымен екі жыл бірге тұрған. Күйеуі 10 ағайынды үлкен әулет болатын.

Ежелгі дұшпан ел болмас деді ме екен белгісіз, әйтеуір Айшаны қайын жұрты онша жаратпады. Шынашақтай қызды отырса опақ, тұрса сопақ қылумен болды. Айшаны ерінбегенің бәрі аяусыз соққылайтын. Осынша азаптауға төзбеген Айша бір күні қашуға бел буды. Бірақ бұл ойы сәтсіз аяқталып, қуғыншылардың қолына түседі.

Мұндай қылмысы үшін қашқын қыз Қандағардағы әйелдер түрмесіне үш жылға қамалатын еді. Айшаны қайын жұрты алты айдан кейін әкесіне әкеліп табыстайды. Қатыгез әке бақытсыз қызына жаны ашудың орнына, әулет абыройын айрандай төкті деп күйеу баласына жазалауға ерік береді.

Жергілікті сот Айшаның мұрны мен құлағын кесу арқылы жазалауды ұйғарады. Күйеуі қызды бауырларының бірінің көмегімен тауға алып барып, өзінің қорқынышты жоспарын жүзеге асырады. Бауыры жасөспірімді тырп еткізбей ұстап, күйеуі қыздың танауын кесіп тастайды. Қансыраған қыз есінен ауып, сол жерде қимылсыз қалады. Өледіге санап күйеуі бауырмен бірге жөніне кетеді.

Бірақ бейшара қыздың көрер жарығы бар екен. Тау басында қанға бөгіп жатқан оны американдық солдаттар тауып алады. Ұзақ уақыт бойы Айшаның құжаттары болмағандықтан оны штаттарға апару мүмкін болмайды. Жасөспірімді әскерилер Кабулда жасырын жерде ұстайды. Тамыз айында ғана Айшаның құжаттары реттеліп, Америкаға жеткізілген.

***

Бойжеткенге ешқандай пластикалық ота жасалынбаған. Кеше ол Лос-Анджелесте жаңа жүзімен көпшілік алдына шықты.

***

P.S.: Бұл АҚШ медицинасының дамуының таңғажайып көрсеткішіне таңқалмасқа шара жоқ. Болашақта Қазақстанда да осындай дамыған медицина боларына сенейік. Министр Ким жыныс ауыстырудан бастағалы жатыр ғой. Орыс тілінен аударған: Айбар Абайұлы.

 

Бекболат Қаржанның Facebook парақшасынан.

 Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер