БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Шүкірің көмектеспейді

4007
Adyrna.kz Telegram

Селжұқ Байрақтардың "Bayraktar Akıncı" компаниясы жайындағы деректі фильмді көріп отырмын. Төменде сан мың адамдар пікірін жазып, Селжұққа "Сен Түркияға Құдайдың жіберген адамысың", "Құдайдың алғысын алған адамсың", "Сен Ұлы Түркияның қорғаушысысың" деп пікір жазып жатқандарын оқып, тұтас денем бұлқынып, шабыттанып кеттім. Бір жағынан өзіміздің жағдайға қарап, басым жерге қарады. Деректі фильмде Байрақтардың компаниясында жұмыс жасап жатқан барлық инженер конструкторлардың ымырамен, бірлікпен, татулықпен тамаша әріптестік орнатып, жұмыс жасап жатқаны көрсетіліпті. Барлық жұмыс тәртіппен, график бойынша жүреді.

Әр инженер конструктордың өзінің міндеті бар. Қарап отырсаң, нағыз ұлттық, мемлекеттік идеология. Ғылым мен технологияның идеологиясы. Мемлекет болатын, ел болатын елдің тірлігі осы екен. Ғылым мен білімге құмарлық екен. Осы көрініске қарап отырып, біздің елде де осындай бір толқынның әлеуеті көрінсе екен, толқынға ілесіп кетсек екен деп армандадым. Өзіңіз ойлап көзіңіз, дәл осындай технологиялық индустрия іске қосылып, тұтас Қазақияға идеология болып насихатталып жатыр. Қандай сезімде болар едіңіз... Айтып жеткізу мүмкін емес қой. Бір бірімізге жанашыр, бауырмал болмай, мынау биікке жете алмаймыз, бауырлар. Бес алты тиын үшін бір бірімізді сатып кетіп жүрген біздерге бұл биікке шығу қашан бұйырар екен... Біз де осы биікке ұмтылайық, Қазақтар! Әруақтан да, уақыттан да ұят болып барады.

"Егер де елің тыныш болсын деген ниетің болса, соғыс болмасын деген ниетің болса, онда әрқашан соғысқа дайын отыр" деген адамзат жаратылғаны жалғасып келе жатқан ұлы қағиданы ұмытпау керек. Бейбіт елміз, қарусыз елміз деген қыртқан сөз. Бір күнде тағдырыңды шешеді қолында қаруы бар дұшпандарың. Шүкірің саған ол кезде көмектеспейді.

Пікірлер